- admin
- 19.08.2024
Педагог лауазымына орналасуға
КОНКУРС
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 110008, Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 3-үй, телефон: 8(714-2) 56-08-81; 55-70-85; 55-98-72, e-mail: official@kpvk.edu.kz.
1) «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы – 1 бірлік, мамандығы бойынша жұмыс жалақысы: 1 жылға дейін – 25 жылдан астам, 136267 теңгеден 164449 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықтарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс стажына талап қойылмайды; немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 2 жыл 4 жыл; педагог-шебер үшін-5 жыл.
2) Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы «химия» – 1 бірлік, «дене шынықтыру және спорт» – 1 бірлік, мамандығы бойынша жұмыс жалақысы: 1 жылға дейін – 25 жылдан астам, 136267 теңгеден 164449 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықтарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
3) Әдіскер – 1 бірлік, мамандығы бойынша жалақысы: 1 жылдан бастап – 25 жылдан астам, 132551 теңгеден 159804 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды; озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссияларының жұмысын үйлестіреді; оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, Оқу-жоспарлау жұмыс құжаттамасын құруға қатысады; білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиялары төрағаларының (меңгерушілерінің) жұмысын басқарады және үйлестіреді; педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады; озық педагогикалық тәжірибені анықтайды және жинақтайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибесін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге жәрдемдеседі; білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады; ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады; әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етеді; белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы жасауды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін – 7 жыл.
– Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.08.2022 ж. – 06.09.2022 ж.
– Құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
4) педагогтардың Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – БТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
– Кемінде бір жыл белгіленген мерзімге бос лауазымы, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру кезіндегі әдіскердің бос лауазымы.