- admin
- 31.05.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 28-29 мамыр күндер аралығында колледжде «Аутодеструктивті мінез-құлқын алдын алу, СӨС қағидаларын қалыптастыру» тақырыбында семинарлар мен тренинг сабақтары өткізілді.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – қиын өмірлік жағдайларды жеңу және жастар арасында СӨС насихаттау. Осы іс-шараға бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Студенттер алдында сөз сөйлегендер: КОНД психологы Гульсум Айтжановна Бисимбаева, Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының фельдшері Яна Владимировна Исмайлова, медициналық орталығының психологы Наталья Викторовна Беспалько. Студенттер «Сұрақ-жауап» атты диалог алаңының жұмысына белсене қатысты. Студенттер салауатты өмір салтын жүргізуге позитивті қарым-қатынасын қалыптастырды.
Ақпаратты колледждің әлеуметтік психологы Зинаида Бексултановна Танкиева дайындады