” Біз әр түрліміз – біз теңбіз!”  тақырыбында толеранттылық күніне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

2023 жылғы 14 қарашада ТЗ-29 тобында ” Біз әр түрліміз – біз теңбіз!”  тақырыбында толеранттылық күніне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты білім алушыларда мәдениеттер мен ұлттық дәстүрлердің бай алуан түрлілігін құрметтеуге және түсінуге оң құндылықтар мен көзқарастарды қалыптастыру, Қазақстан халқы мен әлемнің адамгершілік және мәдени жетістіктерін сақтау және көбейту болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер “Толеранттылық ағашын отырғызды”, түрлі жағдайларды шешу жолдарын іздеді, пікірлерімен бөлісті. Студенттер құрмет, өзара түсіністік, төзімділік және бірлікте жұмыс істеу топтың  негізгі құрамдас бөлігі екенін түсінді.  Жер   бетіндегі  барлық адамдар бейбітшілікте, достықта, түсіністікте өмір сүргісі келеді,  өйткені    сүйікті отбасылары әрқашан қасында болғанын қалайды.

Ақпаратты  дайындаған ТЗ-29 тобының кураторы:       Байбулатова А.Ж.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
188 queries