«Біз ұмытпаймыз, біз мақтан тұтамыз!»

4 мамыр 2023 жылы ҚР “Әскери-спорт клубтарының федерациясы” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы Қостанай қаласының Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған “Еске алу Вахтасы” патриоттық акциясын өткізді.

Іс-шара қалалық Жеңіс саябағында әскери-патриоттық клубтар, “Жас Сарбаз” жастар әскери-патриоттық қозғалысы курсанттарының, Қостанай қ. кадеттерінің қатысуымен өткізілді.

Бұл акцияға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің “Жас Сарбаз” үйірмесінің тәрбиеленушілері де қатысты, барлығы 11 адам. Тәрбиеленушілер Жеңіс саябағында орнатылған мемориалдар мен ескерткіштердің жанында “Еске алу Вахтасын” өткізді.

Осындай іс-шараларға  қатыса  отырып, өскелең ұрпақта жоғары сана, өз Отанына деген адалдық, Ұлы Отан соғысы даласында өз борышын өтеген халқымыздың ерлігіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу қалыптасады.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р

                                                                                                     Нұрқанов М. К


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries