«Біз біргеміз» эко акциясы

Бүгін 2021 жылдың 24 сәуірінде Қостанай облысында «Таза Табиғат» ұлттық және “Киелі табиғат” республикалық жастар экологиялық жобаларын іске асыру басталды.

Бұл жобалар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі жолдауы аясында жүзеге асырылуда.

Жобалар барысында «Таза су айдындары», «Бұлақтарды тазарту», «Бірге таза Қазақстан», «Менің жасыл елім» акциялары ұйымдастырылды, олардың барысында су айдындарын заңсыз желілерден тазарту, өзен жағалауын тазарту, бұлақтарды тазарту, елді мекендердің аумақтарын тұрмыстық қоқыстардан тазарту және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Осы акцияларды өткізу халықтың экомәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Жобаның мақсаты көлдер мен өзендердің ластану мәселесіне назар аудару, балық ресурстарын сақтау, халықтың экологиялық тәрбиесін дамыту, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру болып табылады.

Қостанай облысының жастары Қазақстанды бірге таза ету үшін күш біріктірді!


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries