“Бір шаңырақ астында”
- admin
- 18.03.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
17.03.2022 Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттер парламенті “Бір шаңырақ астында” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, жастар арасында достық пен сенім атмосферасын құру, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықты арттыру, отансүйгіштікке, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті, Қазақстан халқының әсем билерін, көктем мен Наурыз мерекесі туралы әндерді орындады.

