- admin
- 30.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 30-ыншы сәуірінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери – патриоттық әндер фестивалі өтті.
Фестиваль қатысушылары, колледж студенттері соғыс уақытындағы әйгілі әндерді сонымен қатар, әскери тақырыпқа арналған заманауи композицияларды да орындады. Олар патриотизмге, Отанға деген адалдыққа және батырлыққа, өткенді еске алуға шабыттандыратын әндерді орындауда өздерінің таланттарын көрсетті.
Фестиваль маңызды музыкалық оқиға ғана емес, сонымен қатар жастарды тәрбиелеуде, патриотизм рухын және өз елі үшін мақтаныш сезімін нығайтудағы маңызды сәт болды. Іс-шараға қатысушы жас ұрпақ өз Отанының өжеттілік тарихын ұмытпайтынын көрсетті.



Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#ЖеңіскеБірге