“Бүгінде өрт сөндіруші мамандығы-ерлік нағыз ерлік”.

Біздің колледжде 1 курс студенттері үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастыру дәстүрге айналды. Осыған байланысты 2021 жылғы 04 қарашада ЭС-20, ПО-2, М-9 топтарының студенттері үшін Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды.

Өрт сөндіру депосына экскурсия студенттердің қызығушылығын тудырды. Бірінші кезекте балаларды өрт сөндіру машиналары қызықтырды. Бөлімше командирі сержант Наурызбаев Жандос Жаңбырбайұлы және старшина Дембаев Азамат Ғалымбекұлы балаларға депоның байланыс пунктін, дем алу бөлмесін, оқу сыныбын, ГТҚҚ бекетін, асхананы, тренажер залын, техниканы көрсетті. Олар өрт техникасы туралы айтып, балаларға машиналар қалай және немен жабдықталғанын, көптеген өрт-техникалық қару-жарақтың қандай да бір құралы не үшін қызмет ететінін көрсетті.

Мұражай меңгерушісі Магумов Жамбыл Минанович азаматтық қорғаныс мұражайы туралы айтып, балаларға өрт апатымен күресу үшін өрт сөндірушінің қалай және немен қаруланғанын көрсетті.

Студенттер экскурсияға риза болды, көп суретке түсті, өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді, олар балаларға өз кәсібінің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы ақпаратты қызықты әрі қолжетімді жеткізе алды.

Мақаланы дайындаған: Нұрқанов М. К.

Фатхудинов Р.Р


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
179 queries