- admin
- 25.02.2020
- No Comments
- Жаңалықтар
21 ақпан күні Рухани Жанғыру бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері Қазақстанның теледокументалист және құрметті журналисі Гүлжібек Баекенқызы Бекмухамедованың шығармашылық кешіне қатысты. Іс-шара Е.Өмірзақов атындағы филармонияның концерттік залында өтті.
Қатысушылар саны 20 адамды құрады.
Телепортрет жанрында орындалған ондаған тамаша документалды фильмдерінің авторы, мерейтой иесін құттықтауға түрлі ведостволардың, саяси партиялардың өкілдері, ардагерлер, әріптестер, достары мен шығармашылық интеллигенция жиналды.
Кештің сәні Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының және Ілья Омаров атындағы қазақ драмтеатрының шығармашылық ұжымы болды.
Ақпаратты Жастар ісі жөніндегі инспекторы
Д.С.Мурзагалиева дайындады