«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, объектілерді күзету және қорғау, терроризмге қарсы операцияларға қатысу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзету, салтанатты және хаттамалық іс-шараларды орындау жөніндегі аса маңызды жедел-жауынгерлік міндеттерді орындауға тікелей тартылады.

Осыған байланысты 2024 жылдың 13 наурыз күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 3-4 курс студенттері үшін «Неге мен МКҚ әскери қызметшісі болғым келеді» тақырыбында кездесу өткізілді.

Әскерге шақырылған жастармен кездесу үшін ҚР МКҚ бірінші Басқармасының Екінші бөлімінің аға офицері капитан Сүлеймен Ғани Мұхтарұлы шақырылды.

Кездесу жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Мемлекеттік күзет қызметіне кандидаттарды іріктеу, мерзімді және келісімшарттық әскери қызметті насихаттау, қазақстандық әскери қызметшінің беделін, дәрежесін арттыру және имиджін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жігіттер алдында сөйлеген сөзінде Ғани Мұхтарұлы мерзімді әскери қызметке кіру кезінде әскерге шақырылушыларға қандай талаптар қойылатынын және неліктен ұлдар Қазақстан Республикасының элиталық арнайы бөлімшесінде, ҚР МКҚ ерекше мақсаттағы күштерінің “Айбын” президенттік полкінде әскери қызметті таңдауы тиіс екенін айтты.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р.

                                                                                          Нұрқанов М. К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
178 queries