- admin
- 14.12.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
«Біз бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық. Жалпы ұлттық қалаумен туылған Халық Ассамблеясы өз қанатының астына барлық ұлттарды жинады. Ең бастысы – біз әділетті қоғам құрдық, әр қайсымыз: «Мен – қазақстандықпын, бұл менің елім, мен мында өз бақытымды жасаймын!»-дей аламыз» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
14 желтоқсан күні колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Қазақстан- Ұлы Дала Елі» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты ұлтжандылықты, еліміз үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Іс-шара барысында тарихқа шолу жасалды, Отан, тәуелсіздік туралы өлеңдер шырқалды.
Мекере құрметіне колледждің үздік қызметкерлері грамоталармен марапатталды.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады