- admin
- 26.11.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылдың 23-24 қарашасында Рудный технология және қызмет көрсету колледжінде Қазақстан колледж шахмат спартакиадасының аймақтық кезеңі (А тобы) өтті. Жарысқа Қостанай облысынан он колледж қатысты.
Қостанай политехникалық жоғары колледжінің құрамында келесі команда болды:
• 1-ші тақта — Лев Белый;
• 2-ші тақта — Жақсылық Мирамов;
• 3-ші тақта — Айдын Тайғарин;
• 4-ші тақта — Аружан Сәрсенбаева.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің колледж командасы оқу орнын абыроймен қорғап, шеберлік пен командалық рухты көрсете отырып, құрметті екінші орынды иеленді.
Жарыс нәтижелері:
1-ші орын — Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі;
2-ші орын – Қостанай политехникалық жоғары колледжі;
3-ші орын – Қостанай жоғары педагогикалық колледжі.
Студенттерімізді осы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Оларға шеберліктерін одан әрі шыңдап, жаңа жеңістерге, сенімді шешімдер қабылдауға және алдағы жарыстарда табысқа жетулеріне тілектеспіз!




