- admin
- 21.01.2020
- No Comments
- Жаңалықтар
17 қаңтар күні колледждің еріктілері Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысы бойынша еріктілер орталығының ашылуына қатысты.
Іс-шара мақсаты елімізде еріктілер қозғалысын дамыту, бірыңғай еріктілер базасын қалыптастыру болып табылады.
Пленарлық кеңесте колледждің ұйымдастырушы педагогы А.В.Пушкарева Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысы бойынша еріктілер орталығының төрайымы болып, ТП-21 тобының студенті Санат Тусенов «Келісім»-медиация бағытының облыстық үйлестірушісі болып тағайындалды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысы бойынша еріктілер орталығы облыстағы еріктілер қозғалысын үйлестіреді, еріктілер отрядтарына әлеуметтік және әдістемелік қолдау көрсететін болады.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог Пушкарева А.В. дайындады