Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы ата-аналардың рөлі

26 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Отбасылық клубтың қызметі аясында “аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллинг/кибербуллингтің және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу”тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты ата-аналарды жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқына, буллинг/кибербуллингке, құмар ойындарға/людоманияға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелер туралы хабардар ету болды. Ата-аналардың назарын балалар мен ересектер арасындағы өзара әрекеттесу мәселелеріне аудару, сондай-ақ профилактикалық қолдау көрсету маңызды болды.

Іс-шара соңында ата-аналарға қауіпсіз мінез-құлық негіздері бар жадынамалар берілді, сондай-ақ ата-ана бақылауы және аутодеструктивті мінез-құлықтың, қорқытудың/кибербуллингтің, құмар ойындардың/лудоманияның және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға педагог-психолог Науменко Татьяна Викторовна, Сабина Ғабитқызы Өтебекова, психологиялық қолдау орталығының басшысы Елена Александровна Петренко, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібел Зариванқызы Басенова және “111”тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желісінің байланыс деректері берілді. Барлық ата – аналарға “егер қиын болса-жай ғана қоңырау шалыңыз” акциясы аясында буклеттер мен визиткалар таратылды.

Дайындаған: Контробаева Ж.Д. арнайы пәндер оқытушысы.

#Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
193 queries