- admin
- 26.02.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 15 ақпаны күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «ЖАС-ҰЛАН» әскери-патриоттық клубында айналысатын ТЗ-21, ЭС-9, М-1, ТП-15, ХП-13, ХП-9 топтарының студенттері Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығаруына 29 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.
Аталған іс-шараны «Қостанай облысы бойынша Ауғанстан ардагерлері мен жергілікті әскерлер одағы» қоғамдық бірлестігі өткізді.
Студенттер ауған соғысы ардагерлерінің интернационалист әскерлерінің ескерткіштеріне шір, гүл қоюдың салтанатты рәсіміне қатысты. Әскери даңқ мұражайына саяхат жасалды.
Содан соң «Мирас» Мәдениет үйінде мерекелік концертті тамашалады.
Аталған іс-шаралар студенттерді ұлтжандылыққа, Отанға, оның тарихына деген сүйіспеншілігіне әскери-патриоттық тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсетуге және жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрби елеу бағыттарының бірі болып табылады.
Мақаланы АӘД оқытушысы Фатхудинов Р.Р.дайындады