«Астана – мақтанышым!»

Күннен күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

2018 жылдың 03 сәуір күні еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына орай колледж студенттері арасында «Астана – мақтанышым!» тақырыбында тарих пәнінің оқытушысы Д.К.Ахметжанова 3 курстың Д-4 тобы студенттерінің қатысуымен тақырыптық тәрбие сағатын өткізді. Астана қаласы туралы видеороликтер көрсетіліп, студенттерге викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, Астанаға саяхат жасалып, әсем қала ғимараттары туралы толығымен ақпараттар берілді. Қорытындылай келе, Д-4 тобының студенті Әсем Ғалымжанова және ЭБ-11 тобынан Тұрсынкүл Марат Астана қаласы жайлы әсерлерімен бөлісіп, өз шығармашылықтарынан туған  өлең жолдарын жатқа айтты.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астанамыз асқақтай берсін!

Ақпаратты тарих пәнінің оқытушысы Ахметжанова Д.К. дайындады 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries