Ашық кураторлық сағат «Темекі шегу». Жаман әдеттер және олардың денсаулыққа әсері»

24 қараша күні 2ЭС-21 тобында Халықаралық темекі шегусіз күніне арналған кураторлық ашық сағат өткізілді. Тақырыбы:  «Темекі шегу». Жаман әдеттер және олардың денсаулыққа әсері»  Куратор сағатының мақсаты: Студенттердің денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Есірткі, ішімдік, темекінің ағзаға тигізетін әсері, оның кейінгі өмірге тигізетін зардаптары, адам ағзасына кері әсері туралы түсінік беру.

    Шара барысында темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Студенттер  адам бойындағы зиянды әдеттер туралы, атап айтқанда, темекі шегу, электронды темекі, алкогольдің ағзаға зияны, есірткі және оның салдары туралы бірнеше бейнероликтер көрсетілді.

    Топ студенттері  «Салауат» және «Денсаулық» болып екі топқа бөлінді. Алынған мәліметтер бойынша балалар постерлерін толтырып, қорғаулары керек болды. Балалар бұл тапсырманы өте жақсы  орындап шықты. Әркім өз ойын айтып, жұмыстарын қорғады.

     «Ыстық орындық» әдісі бойынша әр студент куратордың сұрақтарына жауап берді.

-Ол темекі тартады ма?

-Оның айналасындағылар темекі тартады ма?

-Темекі шегу мен ішімдікке қалай қарайды?

-Шылым шегіп көрдіңіз бе? Арақ, шарап, сыра ішесіз бе? және т.б..

Студенттер  темекі шегіп, арақ ішіп көргендерін жасырмай, ашық жауап берді. Бір жақсысы, топтағы студенттер негізінен темекі шекпейді.Тек бір ғана темекі шегетін.

 Кураторлық сағат соңында «Аяқталмаған сөз тіркесі» тренингі «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеумен болада бақытты өмір…» балалар  салауатты, бақытты өмір туралы өз ойларын ортаға салды. Барлық студенттер  болашақта жаман әдеттерден аулақ болу керек деген қорытындыға келді.Әр адамның тағдыры өз қолында.

   Куратордың қорытынды сөзінде денсаулықты сақтау, жұмыс режимі, демалыс және тамақтану, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, сонымен қатар дене шынықтыру  туралы айтылды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
188 queries