Адалдық-ең жақсы саясат!

21 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде  «Адалдық-үздік саясат!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 1 курс білім алушылары қатысты (25 адам қамтылды).

Дөңгелек үстелдің мақсаты сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру, студенттік ортада парасаттылыққа тәрбиелеу, студенттерді сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы хабардар ету болды.

Дөңгелек үстелде «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі магистр Шектыбаева Л.Ф. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» ұғымының мәнін ашып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың негізгі басымдықтары мен міндеттері, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстары туралы пікірталас өткізді. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, бұл парақорлыққа  қарсы күрес, ең алдымен, өзінен, әр отбасынан басталуы керек екенін атап өтті. Директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Дюсекеева Л.К. өз сөзінде жастарға өздерінің адамгершілік қағидаттарынан бас тартпау және кез келген жағдайда адамның қадір-қасиетін сақтау қажеттігін атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын мемлекет пен қоғамның бірінші кезектегі міндеті сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес емес, оның алдын алу екендігіне аударды. Әркім өзінен, сана мен менталитеттің өзгеруінен бастауы керек. Әркім өзінен бастауы керек – адал оқу, сессияны адал тапсыру, адал жұмыс істеу. Бұл біздің өміріміздің әдетіне айналуы керек.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
193 queries