Қабылдануыңмен, бірінші курстық!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында кез халықтың ұлттық коды туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген ерекше қарым-қатынас арқылы қалыптасатыны жайлы айтылған. Мекен ететін немесе қызмет ететін жеріне, өз ауылына, қаласына деген әрқайсымыздың махаббатымыздан жалпыұлттық ұлтжандылық туындайды.

2017 жылғы 13 қазан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде студенттер қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара мақсаты бірінші курстық білім алушыларды оқу орнынның салт-дәстүрлеріне қатыстыру, тату студенттік ұжымын қалыптастыру.

Студенттер қатарына қабылдау – бұл студенттер үшін маңызды және толғандыратын, эмоцияға және жарқын әсерлерге толы кез. Ойын-сауық, жастық жалыны, би мен әннің молшылығы ұмытылмастай мереке етіп жасады. Жоғары курс студенттерінің ойынша, нағыз студент қабылдау кезінде барлық санаулардан абыроймен өткен студент, сондықтан олар бірінші курс студенттері үшін зияткерлік, музыкалық, спорттық байқауларын дайындады. Барлығы берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты: өздерінің ептілігін, шығармашылық қабілеттерін және зияткерлік міндеттерді шешуге іскерлігін көрсете білді.

Биыл колледж ұжымына өзінің үлкен отбасына 398 бірінші курс студенттерін қабылдады, олар Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті атағын абыроймен алып жүретініне, туған оқу орнының салт-дәстүрлерін жалғастыратынына және арттыратынына сенімдімін.

Ақпаратты оқытушы У.И.Сонарбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries