Абай атындағы №27 мектеп ата-аналар мен 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру кездесуі

29 сәуір күні Абай атындағы №27 мектеп базасында білім алушылардың ата-аналары және 9-сынып оқушыларымен түлектердің болашақ білім беру бағытын таңдауы мен кәсіптік бағдар беру мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Іс-шара мектептің акт залында ашық әңгіме форматында Қостанай политехникалық жоғары колледжі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына колледждегі даярлау бағыттары, мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және түлектерді кейінгі жұмысқа орналастыру перспективалары туралы толық ақпарат берілді.

Колледж өкілдері оқуға түсуге қатысты барлық негізгі мәселелерді түсіндірді: қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі, өтініш қабылдау мерзімдері, конкурстық іріктеу ерекшеліктері туралы айтып, ата-аналар мен оқушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде колледжде оқудың артықшылықтарына, сұранысқа ие техникалық мамандықтарды меңгеру мүмкіндіктеріне және кәсіби өсу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Осындай кәсіптік бағдар беру кездесулері оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектессе, ата-аналарға балаларының әрі қарай білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *