Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру

Жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында КПВК Политехникалық колледжі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының алдын алу, интернет желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында тарату үшін деректі және профилактикалық бейнероликтер топтамасы дайындалып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне жолданды.

Аталған жұмыстар аясында бейнероликтерді КПВК Политехникалық колледжінің 250 студенті тамашалады. Көрсетілімнен кейін студенттермен цифрлық қауіпсіздік, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік және өмір мен денсаулықты сақтау мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелер мен талқылаулар өткізілді.

Студенттерге келесі бейнематериалдар көрсетілді:

  1. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті дайындаған, актердің қатысуымен интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, пайдаланушыларды алдау тәсілдері және жеке деректер мен қаржыны қорғау шаралары туралы бейнеролик.
  2. Шымкент қаласы Полиция департаменті дайындаған «Алаяқтарға қарсы бәріміз бірге» атты бейнеролик, онда актер Р. Омаров азаматтарды сақ болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және жеке деректерін қорғауға шақырады.
  3. Киберқауіпсіздік және жеке аккаунттарды қорғау мәселелеріне арналған «Жасөспірім өз аккаунтын қалай қорғай алады» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтер.
  4. Жасөспірімдер арасындағы интернет қауіптерінің алдын алуға бағытталған «Онлайн-грумердің тұзағына түсіп қалмаудың жолдары» атты бейнероликтер.
  5. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті дайындаған «Тәрбие отбасынан басталады: балаларды жақсылық пен жамандықты ажыратуға қалай үйрету керек» атты әлеуметтік ролик.
  6. Интернет желісіндегі балалар қауіпсіздігі ережелері туралы қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтер.
  7. Заңсыз жеңіл табыстың салдары туралы, құқыққа қарсы әрекеттерге қатысудың теріс салдарын көрсететін әлеуметтік ролик.
  8. «Қосымша табыс емес – тәуекел» / «Не подработка, а риск» атты бейнеролик, жастарға «жеңіл табыс» деген желеумен бөтен адамдарға жеке деректерді, аккаунттар мен қолжетімділік кодтарын берудің қауіптілігі туралы ескертеді.
  9. Әкімшілік полиция комитеті дайындаған «Белдігіңді тақ, телефонды қой, өміріңді сақта!» атты жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бейнеролик.

Жүргізілген жұмыстар студенттердің интернет кеңістігіндегі заманауи қауіптер туралы хабардарлық деңгейін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, жастар арасында құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті дамытуға ықпал етті.

Педагог-ұйымдастырушы: Газизова Н.Б.

ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ЖелідегіҚауіпсіздік #Киберқауіпсіздік #КПВКСтуденттері #ҚРІІМ #ҚРОқуАғартуМинистрлігі #ПолитехникалықКолледж #ҚазақстанЖастары #ЖауаптыМінезҚұлық #АлаяқтыққаЖолЖоқ #ҚауіпсізИнтернет #Профилактика #ҚұқықтықСауаттылық #Қазақстан #ТәрбиеЖұмысы

Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *