«Ақпараттық қоғамдағы орта кәсіптік білім:  қазіргі заманғы сын-тегеуріндер» тақырыбында  VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Челябі кәсіптік білім беруді дамыту институты» ҚКБ МБМ

2024 жылғы 02 ақпанда Челябинск қаласында (Ресей Федерациясы) «Челябі кәсіптік білім беруді дамыту институты» ҚКБ МБМ Челябі облысының Білім және ғылым министрлігі мен Челябі облысының ақпараттық технологиялар, байланыс және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық қоғамдағы орта кәсіптік білім: қазіргі заманғы сын-тегеуріндер» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 Конференция ұйымдастырушылары:

  • «Челябі кәсіптік білім беруді дамыту институты» ҚКБ МБМ,  
  • Беларусь Республикасының Республикалық кәсіптік білім беру институты,
  • «Кузбасс өңірлік кәсіптік білім беруді дамыту институты» ҚКБ МБМ,
  • Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Білім беруді дамытудың цифрлық векторлары;

2. Цифрлық білім беру ортасын дамыту;

3. Цифрлық шындықтағы білім берудің өзекті мәселелері;

4. Цифрлық әлемдегі заманауи мұғалім.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция цифрлық білім беру ортасында білім беру процесін іске асыру проблемаларын қарауды; орта кәсіптік білім беруді цифрлық трансформациялау және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттерінің цифрлық мәдениетін қалыптастыру процесіне байланысты мәселелерді талқылауды мақсат етеді.

Халықаралық конференцияның пленарлық отырысында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты К.А. Каткенов құттықтау сөз сөйледі.

 «Цифрлық білім беру ортасын дамыту» №2 секциясында «Цифрлық сторителлинг педагогикалық міндеттерді шешудің заманауи білім беру құралы ретінде” тақырыбында директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева баяндама жасады.

Конференция аясында кәсіптік білім беру ұйымдарының цифрлық білім беру ортасын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық-техникалық құралдардың көрмесі өткізілді. Қазақстан, Ресей және Беларусь колледждерінің оқытушылары конференцияға күндізгі және сырттай түрде қатысты. Баяндамашыларға, мақала авторларына, тыңдаушыларға конференцияға қатысушының сертификаттары табыс етілді. Конференция қорытындысы бойынша «Орта кәсіптік білім берудің цифрлық трансформациясының заманауи сын-қатерлері» атты мақалалар жинағы жарық көрді. Конференция жинағында кәсіби білім беру ұйымдары педагогтарының жұмыс тәжірибесін жинақтайтын мақалалар жарияланды. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің басшылығы мен педагогтары конференция жинағында мақалалар жариялады: Каткенов К.А., Кайпбаева Ж.Ш., Щербакова   И.А., Дюсекеева Л.К., Матвиенко Ю.В., Тайкова Г.Л., Саидов А.М. и Балгужинова Ж.Е., Контробаева Ж.Д., Иргибаева Д.К., Байбулатова А.Ж., Шаракулова А.А., Шектыбаева Л.Ф. и Ахметжанова Д.К., Уаисова М.М., Альсеитов К.С., Бейсенова Х.Б., Хусаинова А.Т., Тулегенов Е.Н., Журсиналина Г.С. и Кусаинова Д.Б., Кукенова Б.К., Кумарова Г.Е., Маканова Г.И. и Ахмадиева М.Б., Рядинская И.А. и Пупышева К.С., Моргунова Е.А., Жумагулова Т.К., Науменко Т.В., Риженко Е.Т. и Изделюева С.С., Ахметова Г.Б. и Сагандыкова Ж.Б., Ибраева М.Б. и Искаков К.Е., Сонарбаева Ж.Ж., Бондарева Н.Л. и Степаненко Д.В., Ержаканова Л.Л.

Материалды директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
189 queries