А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған интеллектуалды ойын

2022 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған зияткерлік ойын өтті.

“Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” атты іс-шараға 1 курс ПО-3, ПО-4, В-2, ЭС-21, М-10 топ студенттері қатысты. Байқау «Сәлемдесу», «Тіл ізденіс», «Мен болашақ ақынмын» атты 3 кезеңнен тұрды. Бірінші турда студенттер өз командаларын таныстырса, «Тіл ізденісінде» Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы үш тілде қызықты сұрақтар ұсынылды. «Мен болашақ ақынмын» атты қорытынды турда команда капитандары ұлы ақын А.Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды.

Студенттер бұрын-соңды болмаған қызығушылық танытты, сонымен қатар өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Құзыретті қазылар алқасы орындарды келесідей бөлді: 1 орын – В-2 тобы, 2 орын – ПО-3, 3 орын – ЭС-21. Балаларды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз.

Ақпаратты дайындаған қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі: Жұмағұлова Т.Қ.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries