27 қыркүйек күні 1Б-2 тобында дене тәрбиесі мен  салауатты өмір салты бағытындағы  «Сенің өмірің –өз қолында» атты сынып сағаты өтті.

Сынып сағатының мақсаты сүйіспеншілік мәдениетін, жыныстық тәрбие, отбасы мен неке қарым-қатынастарын тәрбиелеу. Жыныстық қатынас тазалығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Кураторлық сағатта студенттер осы тақырып бойынша жағдаяттық мәселелерді талқылап, өз ойларын ашық айта алды, сондай-ақ ерте жыныстық қатынас қандай зардаптарға әкелетінін және олардың денсаулығына қандай зиян тигізетінін білді.

Қорытындылай келе, оқушылар әр адам тұлға ретінде қалыптасып, өмірден өз орнын тауып, салауатты қарым-қатынас орнатып, алдына мақсат қойып, бақытты бола білуі керек деген қорытындыға келді..

Ақпаратты дайындаған: Б-2 тобының кураторы Бейсенова Х.Б.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
185 queries