2021 жылдың колледждің үздік кураторлары

2021 жылдың 1 наурызында «Үздік куратор – 2021» кураторлардың кәсіби шеберлігі байқауы басталды. 

Байқау мақсаты студенттерді кәсіби дайындауда кураторлардың рөлін арттыру және жастардың құндылықтарын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының маңызды түрлерін насихаттау деп анықталды.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

Байқаудың бірінші кезеңіне ашық кураторлық сабақтарды мына тақырыптар бойынша өткізу жүктелді:  «Кибербуллинг, түсінігі, жауапкершілік және оны жеңу жолдары» Ахмадиева Л.Х. , «Наурыз мейрамы- бейбітшілік пен достық мерекесі» Ахметова Г.Б., «Отбасылық құндылықтар және дәстүрлер» Тулегенов Е.Н., «Буллинг» Карамурзин Р.М.

25.03.2021 жылы байқаудың екінші кезеңі өтті, байқау қатысушылары «Мен және менің тобым» тақырыбында визиткаларды шығармашылықпен ұсынды.

 Соңғы кезең куратордың тәрбие жұмысының жүйесін топпен қорғау болды, онда тәрбие тәжірибесі және өзінің педагогикалық тәжірибесіне шолу жасалды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болды:  

Карамурзин Рауан Мухаметкалиевич -1 орын

Тулегенов Еркебулан Нурланович – 2 орын

Ахметова Гульнара Байдавлетовна -3 орын

«Студенттерді тәрбиелеудегі шығармашылық бағыты үшін» номинациясы Ахмадиева Ляззат Хауезовнаға берілді.

Барлық конкурсқа қатысушылар дипломдар мен сертификаттармен, сонымен қатар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

        Барлық кураторларға табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries