- admin
- 20.12.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
2017 жылдың 14 желтоқсан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шара мақсаты – бұл қазақстандық ұлтжандылықты, интернационалды сезімін, қазақ халқының тарихына деген құрметі мен мақтанышын, мемлекет тарихына қызығушылығын тәрбиелеу.
Аталған іс-шара колледждің акт залында өткізілді. 1 курс ТЗ-21 тобының студенттері құрамында 3 адам ту шығару рәсіміне қатысты. Салтанатты маршпен ту шығару тобы АӘД пәнінің оқытушысы М.К.Нуркановтың командасымен ҚР мемлекеттік туын шығарды. Студенттеріміз саптық тәртібі мен жинақылығын, сондай-ақ қарумен жұмыс жасау амалдарын жақсы көрсете білді.
Мақаланы Фатхудинов Р.Р, Нурканов М.К дайындады