- admin
- 13.12.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылдың 9-14 желтоқсан аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік — бастау бар бақыттың!”»атты челлендж өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген азаматтық патриотизмді тәрбиелеу, өз халқының тағдырына қатысу сезімін нығайту.
Іс-шараға 1-2 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында студенттер эстафетаны челлендждің келесі қатысушысына бере отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер оқыды.
Іс-шараны қорытындылай келе, осы челлендждің барлық қатысушыларына біздің тәуелсіздігіміздің жоғары болуын, егемендігіміздің тұрақты болуын тілей отырып, алғысымды білдіргім келеді. “Тәуелсіздік — бастау бар бақыттың!” атты челленджінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Ақпаратты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бейсенова Х.Б. дайындады.