16 Наурыз – ” Ата-бабалар мен баталарды еске алу күні”

Шежіре  күні – қазақтың ең маңызды дәстүрлерінің бірі. Көне түркі тектес “шежіре” сөзі “есте сақтау” дегенді білдіреді. Яғни, шежіренің ең дәл мағыналық аудармасы – өзінің түп-тамырын есте сақтау. Шежірені білу әр адам үшін міндетті деп саналған.

Жалпы қазақстандық рухани құндылықтарды, халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту мақсатында 15.03.2021 жылы  Қостанай жоғары политехникалық колледжінде “Ата-бабалар мен баталарды еске алу күні” тақырыбында ауызша журнал өтті.

Іс-шара барысында қоғамдық пәндер оқытушысы Ахметжанова Д.К. өз шежіресін және ата-бабаларының іс-әрекеттерін білу – өз халқының тарихын жеке тарих ретінде, өз отбасының тарихын білу екенін айтты. Сондай-ақ, ол қазіргі адам үшін жеті атаны білу олардың аттарын қарапайым тізумен шектелмеуі керек, олардың кім екендігі, отбасын  қалай қорғағаны туралы ақпаратты білу маңызды екенін атап өтті. Бұл  ұрпақтар сабақтастығы, тарихи және әлеуметтік жадыны сақтау. Елбасы  Н.Ә. Назарбаев өзінің  “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”  атты мақаласында атап өткендей, жаңғыртудың табыстылығы өзінің тарихи-генетикалық кодын сақтауға байланысты.

Студенттер іс-шарада өздерінің генеалогиялық зерттеулері туралы айтып, өз отбасыларының тарихын зерделеу, өздерінің генеалогиялық ағашын жасау бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ шежіре туралы мақал-мәтелдерді еске алды: “Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер», Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер”, “Жеті атасын білмеген-жетесіз”.

Іс-шара соңында студенттер өз шежіресін білу адамға  өткеннен болашаққа жалғасатын  ұрпақтар тізбегіндегі орнын, ата-бабалар естелігі мен болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілігін сезінуге көмектеседі деген қорытындыға  келді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries