- admin
- 01.03.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Алғыс айту – азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын мереке. Алғыс айту-жүрекке жылу сыйлатын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас.
«Алғыс айту» күні мерекесіне орай, 2Б-2 тобының студенттері, колледж ұжымына, қызметкерлеріне шын жүректен өздерінің алғыстарын,жасаған еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.
Осындай мерекелер, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым қатынас жасай білуге үйретеді. Ризашылық пен алғыс,жақсы тілек,ізеттілік туралы түсінік беріп, бірі-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйретеді.
Ақпаратты дайындаған: Бейсенова Х.Б. #оқуағарту #алғысайту




