Қарабалық ауданының оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысы.

                Кәсіби бағдарлау жұмысы аясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары Қарабалық ауданының мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

          Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларды колледждің сұранысқа ие мамандықтарымен, сапалы техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу перспективаларымен таныстыру болды.

Кәсіптік бағдарлау кездесулерін колледж оқытушылары: М.К.Сағымбаев, А.Т.Хұсайынова, О.В.Брозе, А.С.Жанабаев өткізді

     Кездесу барысында оқушыларға колледждің мамандықтары, оқуға түсу шарттары, студенттік өмірі, тәжірибесі және өңірдің кәсіпорындарымен ынтымақтастығы туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар болашақ кәсібі, мансаптық перспективалары және одан әрі оқу мүмкіндіктері туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.

Кәсіби бағдарлау жұмысы Қарабалық ауданының келесі мектептерін қамтыды:

Абай Құнанбаев атындағы № 2 Қарабалық орта мектебі – 48   мектеп оқушылары                                                      Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп – 75   мектеп оқушылары                                                                                                                          М. Сералин атындағы орта мектеп – 48   мектеп оқушылары                                                                                                                                                  Тоғызақ орта мектебі – 25 мектеп оқушылары                                                     


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *