Бұл әлем қандай керемет

10 наурыз күні 1Э-16 тобында «Бұл әлем қандай керемет» тақырыбында, жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға арналған кураторлық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің өмірге деген құндылық көзқарасын қалыптастыру, қиын жағдайларда қолдау таба білуге үйрету және жизнестойлықты (өмірлік төзімділікті) дамыту.

Кураторлық сағат әңгімелесу форматында өтті. Сабақ барысында студенттер белсенді түрде пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар өз өмірлеріндегі маңызды құндылықтар туралы айтып, қиындықтарды жеңуге не көмектесетінін талқылады.

Әңгіме барысында студенттер өмірдің олар үшін нені білдіретінін, қандай адамдар, мақсаттар мен оқиғалар өмірге мән беретінін айтты. Сонымен қатар өмірлік төзімділікті қалыптастыру, қиындықтарды жеңе білу, бір-біріне қолдау көрсету және күрделі жағдайларда алға ұмтылу туралы ойларымен бөлісті.

Іс-шара сенімді және жылы атмосферада өтті. Мұндай кездесулер студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға, топ ішінде өзара қолдау қалыптастыруға және адам өмірінің құндылығын түсінуге ықпал етеді.

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Вдовиков А.А.

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *