ҚПЖК-де қыздар арасындағы колледждер арасындағы Қазақстан спартакиадасының облыстық кезеңі өтті

2025 жылғы 3–5 қараша аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжі базасында қыздар арасында колледждер арасындағы Қазақстан спартакиадасының Қостанай облыстық кезеңі өтті.

Іс-шараның мақсаты – колледж студенттері арасында волейболды насихаттау, дене мәдениетін дамыту мен командалық рухты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеу және жастардың спорттық белсенділігін арттыру.

Жарысқа Қостанай облысының үздік колледж командалары қатысты. Әр ойын тартысты да қызықты өтті, спорт мерекесіне, энергия мен командалық бірліктің көрінісіне айналды.

Қостанай политехникалық жоғары колледжінің қыздар командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсете отырып, өз колледжін абыроймен танытып, құрметті III орынды иеленді!

Спортшыларымыз бен бапкерімізді табысты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктерге, сенімді жеңістер мен жарқын спорттық сәттерге жетулеріңізге тілектеспіз!

Уразов Д.Б, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы

#адал азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries