- admin
- 19.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 19 қазанында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері ТжКБ ұйымдарының студенттері мен жұмысшы жастар арасындағы облыстық пікірсайыс турниріне қатысты. Турнир Америкалық парламенттік форматта өткізіліп, қазақ және орыс лигалары бойынша ұйымдастырылды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары: жастар бастамаларын іске асыру алаңы» жобасы аясында өткен «Менің Республикам» атты пікірсайыс турнирінде біздің студенттер жоғары деңгейдегі шешендік өнерін, талдау қабілетін және өз көзқарасын дәлелдей білу шеберлігін көрсетті.
Турнирдің мақсаты – жастардың сыни ойлау, пікірталас және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, азаматтық белсенділік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылықты арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша колледжіміздің студенті Олусмаев Турпал-Эли Русланович облыстық пікірсайыс турнирінде «Үздік спикер» номинациясының жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, Олусмаев Турпал-Эли Русланович пен Кусеубаева Карина Азаматовна қатысқан команда «Менің Республикам» атты жастар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде 1-орынға ие болды.
Дарынды студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – олардың еңбексүйгіштігінің, өзіне деген сенімділігінің және үздіксіз дамуға деген ұмтылысының нәтижесі.
Біз оларға жаңа табыстар, шабыт және болашақта толағай жеңістер тілейміз!


Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы


