“Отанға қызмет ету – құрмет: колледждегі Өжеттілік сабағы”

Күзгі әскери шақырту кезеңі басталды. Оқушылардың азаматтық және патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында 2025 жылғы 12 қыркүйекте колледжде М-15, СТ-9, Э-16, А-4, М-15, СТ-9, Э-16, А-4, ПО-10, ПО-11, ПО-12, Б-8, СИБ-1, СИБ-2, және ЭС-25 топтарының 1-курс студенттері үшін өжеттілік сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге Отан қорғаушыларға деген құрметті тәрбиелеу, азаматтық борышты саналы түрде өтеуге дайындықты қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етудің беделін арттыру болды.

Шараға құрметті қонақтар ретінде әскери қызметшілер мен ардагерлер Амандосов Б.С. және Пимичев В.И. шақырылып, студенттермен өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында студенттер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылымымен, әскери қызметті реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттармен, сондай-ақ шақыру науқанының кезеңдерімен танысты.

Осындай іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін және Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, студенттердің әскери-патриоттық тәрбиесінің деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары

Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries