- admin
- 01.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 1 сәуірінде «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК 1Б-6 тобының студенттерінің қатысуымен «Алтын адамның аманаты» және «Алтын адамның мұрасы» кітаптары бойынша кураторлық сағат өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу және Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Кураторлық сағат барысында:
– Алтын адам және оның қазақ тарихындағы маңызы туралы ақпарат берілді;
– Мағрипа Жылқыбаеваның зерттеулерінің ерекшеліктері түсіндірілді;
– «Алтын адамның аманаты» және «Алтын адамның мұрасы» кітаптарының негізгі мазмұны талқыланды;
Студенттер тарихи мұраны сақтау және зерттеуге қатысты өз ойларын ортаға салды.
Кураторлық сағат қатысушылардың қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды. Осындай танымдық шаралар болашақ ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.



