Психологиялық клуб «Фрейд балалары»

2024 жылдың 30 қазанында «Фрейд балалары» психологиялық клубының студенттерімен «Коммуникация. Вербальды емес қарым-қатынас» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, вербальды емес сигналдарды түсіну және қатысушылар арасындағы өзара әрекеттесуді жақсарту. Кездесу барысында студенттер ым-ишара, мимика және дене қимылдары сияқты вербальды емес қарым-қатынастың негізгі аспектілерімен танысып, әртүрлі жаттығулар мен ойындар арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысты.

Қатысушылар саны 17 студент болды, олар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлісті.

#Біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *