Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара

«Менің елім – Қазақстан!»

2024 жылдың 23 қазанында Республика күніне орай «Біртұтас тәрбиесі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде салтанатты шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: патриоттыққа тәрбиелеу; өз еліне деген мақтаныш сезімі; қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.

Мереке қарсаңында Республикалық және облыстық деңгейдегі сыйлықтарға ие болған колледждің үздік қызметкерлері марапатталды. Марапатталғандар: Рядинская Ирина Анатольевна, Пупышева Ксения Сергеевна, Науменко Татьяна Викторовна.

Мерекелік концерт бағдарламасы республика жетістіктерінің шежіресімен, «Мирас» би тобы мен «Әнші жүректер» вокалдық студиясының өнерімен сүйемелденді.

Студенттермен бірге колледж оқытушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мереке залда патриоттық рух пен өз Отанына деген мақтаныш сезімі салтанат құрды;

Мерекелік шара соңында «Атамекен» әнін бүкіл зал бар ықыласпен, көтеріңкі көңіл-күймен шырқады.

Іс-шараға қатысушылардың контингенті 410 адамды құрады.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
174 queries