- admin
- 16.11.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
2017 жылдың 11 қараша күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу және жасөпірімдердің құқықтық санасын қалыптастырудағы ата-аналар рөлі» атты тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шаралар мақсаты ата-аналардың назарын студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне, құқық бұзушылықты алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтау мәселесіне тарту.
Жиналыс басында колледж директоры А.И.Дощанова ата-аналарға жоғары колледждің жетістіктері мен даму болашағы жайлы баяндап берді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Татьянова «Оқу үрдісін ұйымдастыру, білім алушылардың білімін бағалау» мәселесі бойынша сөз сөйледі. Жасөпірімдердің құқықтық санасын қалыптастырудағы ата-аналар рөлі жайлы өз баяндамасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Дюсекеева атап өтті, ювеналды полиция инспекторы Р.Б.Онкаева кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу туралы мәселесі бойынша сөз қозғады. Жасөспірімдердің отбасындағы психологиялық денсаулығын сақтау үшін қандай жағдай жасалынуы тиіс екені жайлы колледждің психологтары ата-аналарға баяндап берді.
Ата-аналар жиналысы барысында колледж директоры, әкімшілік мүшелері ата-аналардың сауалдарына жауап берді.
Ақпаратты филологиялық пәндерінің ЦӘК оқытушысы У.И.Сонарбаева дайындады