- admin
- 15.11.2017
- No Comments
- Жаңалықтар
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ортақ болсын асқар тау
Жеміс толы бақша-бау
Болсын жер мен су ортақ
Болсын бізге ну ортақ
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз!
Толеранттылықтың онкүндік аясында 8 қараша күні колледждің оқу залында 1-2 курс студенттері арасында ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, СТ-3 тобының студенті Диана Мензариповамен «Толеранттылық – қазақстандық қоғамының бейбітшілік пен келісім негізі» атты тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттер Қазақстанда орнатылған толеранттылық пен ұлтаралық келісім көптеген елдер үшін үлгі бола алатынын атап өтті.
Жер шарының барлық адамдары бейбітшілікте, достықта, түсінісуде өмір сүргенін қалайды, күн сәулесін төккенін қалайды, жақсы көретін отбасы қасында болғанын қалайды. Әрқайсысымыз үшін ең бастысы – бейбітшілік, келісім және халық бірлігі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Жастарымызды басқаларды тыңдауға және түсінуге, тілді, басқа ұлт өкілдерінің дін және салт-дәстүрлерін құрметтеп үйрету. Қазіргі әлемде олсыз жетістікке жету мүмкін емес».
Ақпаратты тарих пәнінің оқытушысы Ф.Б.Овчинникова дайындады