- admin
- 29.08.2023
- Комментариев нет
- Новости
Сіздерді келе жатқан мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция күні – еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі! Негізгі Заң-халқымыздың бірлігінің, тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілі бола отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын таниды, бекітеді және қамтамасыз етуге кепілдік береді!
Конституцияда белгіленген нормалар мен қағидаттар Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде тұрақты дамуы үшін негіз болып табылады, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Құрметті достар!Осы ерекше мерекеде баршаңызға бейбіт аспан, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымызда келісім мен тұрақтылық, Отанымыздың игілігі үшін табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!
К.А.Каткенов колледж директоры