Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған куратор сағаты

және Әнұран ежелден қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүріне деген терең құрметті қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады.

       Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 1-4 курс топтарында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған студенттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қорытындылауға, оларға құрмет пен ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.

       Жұмыс барысында мемлекет рәміздерінің идеялық-адамгершілік мазмұны, қоғам өміріндегі шартты бейнелер мен салтанатты рәсімдердің рөлі ашылып, білім алушылар мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды, заңдылықты сақтауды, мемлекеттік рәміздерді қолдану іс-шараларында жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды үйренді.

      Тәуелсіздігіміздің бойтұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз толағай табыстарымызға септігін тигізіп, игі істерімізге қолдау көрсетуде! Әрқашан елімізде тыныштық болып, халқымыз аман, туымыз биікте желбірей берсін.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries