Жаңадан бастаған педагогтер мектебінің отырысы

2023 жылғы 4 сәуірде «Жаңадан бастаған педагогтер мектебінің» кезекті отырысы өтті. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Щербакова И.А. педагогтерді «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен таныстырып өтті және  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына  сәйкес (17.03.2023 ж. өзгерістер және толықтырулармен) 2023-2024 оқу жылына пән немесе модуль бойынша Жұмыс оқу бағдарламасын  қалай құрастыру керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 

Кураторлардың ӘБ жетекшісі Амантаева С.К. жас оқытушыларға сыныптан тыс іс-шараны өткізу әдістемесін түсіндіріп, іс-шараларды өткізу тәжірибесімен бөлісті.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дюсекеева Л.К. сыныптан тыс іс-шараны қалай талдау керектігін айтып өтті. Жаңадан бастаған оқытушыларға сыныптан тыс іс-шараларға өзіндік талдау жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Материалды дайындаған Казиева У.Ж., колледж әдіскері


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries