- admin
- 02.03.2023
- No Comments
- Жаңалықтар
28 ақпан күні 2ХП-21 тобында көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытында «Жарқын әйелдер-жарқын тағдырлар» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Кураторлық сабақтын мақсаты: Ана – өмірдің шуағы, ана – өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Студенттердің аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Іс-шараның міндеттері: Білімділігі: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Студенттердің ізгі ниеттерін көрсету. Тәрбиелік: Елбасы жолдауы, ұлағатты сөздер. Дамытушылық: Студенттердің танымдық мүмкіндіктерін белсендіру, қарым-қатынасты оң, еркін және тікелей ету. Куратор сабағының мақсаты мен міндеттеріне жету үшін топтағы жігіттер қыздарға көктем айының алғашқы мерекесіненің шығу тарихы мен тарихқа таңба қалдырған тұңғыш қазақ әйелдері және ақын жазушылардың көркем сөздері туралы мәліметтер ізденіп айтып берді. Сабақта ойындар мен сұрақ жауаптарға топ студенттері белсенді атсалысты. Қорыта келе 8 наурыз халықаралық әйелді күніне арналған кураторлық сабақта тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіреттілігі, әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатырғандығы туралы ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі дей келе бүкіл әже, ана, қыздарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап барлық жақсылықты тілейміз.