- admin
- 17.01.2023
- No Comments
- Жаңалықтар
2023 жылғы 16 қаңтарда “Мирас” МҮ-де Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты Қостанай қаласындағы ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдерін тарта отырып, “Өжеттілік сабағын” өткізу және әскери қызметті дәріптеу бойынша жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Кездесуге қаланың мектептері мен колледждері қатысты. Оның ішінде М-8, ЭС-15, Э-11 тобының 30 адамынан тұратын Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 4-курс студенттері де бар.
Әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен кездесу үшін ҚРҚМ Құрлық әскерлері институтының офицерлері, интернационалист-жауынгерлер мен Қарулы Күштердің ардагерлері шақырылды.
Кездесу барысында ҚРҚМ Құрлық әскерлері институты туралы бейнеролик көрсетілді. Офицер-әскери қызметшілер білім алушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға, ҚР ҚК-дегі әскери қызметтің оң тұстары, әскери білім беру және оқу аяқталғаннан кейінгі артықшылықтар туралы жауап берді.
Әрі қарай солистер, оркестр және би тобы кіретін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мұндай кездесулер жастардың бойында болашақ Отан қорғаушыға қажетті батылдықты, мінездің беріктігін, моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыратыны анық.
Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.
Фатхудинов Р. Р.