- admin
- 15.11.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
2022 жылдың 10 қарашасында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы Контробаева Жаннат Дусембиевна “Үздік педагог” республикалық байқауы аясында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ колледжінің базасында 04110100 «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс 2 УА-121 тобының студенттері үшін БМ 03 «Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану» модулі бойынша «Шаруашылық жүргізуші субъектінің табысы» тақырыбында өткізілді.
Сабақ типі бойынша – проблемалық сабақ және түрі бойынша – зерттеу сипатындағы теориялық жұмыстар сабағы ретінде өткізілді. Мақсатты жұмысты қамтамасыз ету үшін оқытушы сабақтың дидактикалық мақсатын анықтады: түзету және бақылау түрінің рефлексиясын жүзеге асыруға жағдай жасау, олардың қиындықтарының себебін анықтау және түсіну, қиындықтарды жою бойынша іс-қимыл алгоритмін өз бетінше құру, іс-әрекеттерге өзіндік талдау жасауға және проблемалық мәселені шешудің жолдарын табуға үйрету. Сабақта әдістер келесі қолданылды: сөздік, проблемалық, репродуктивті, зерттелетін материалды ауызша баяндау кезінде иллюстрация жасау және көрсету әдісі, ішінара іздену, салыстырмалы, бағдарламаланған. Жаннат Дусембиевна сабақта білім алушылардың танымдық іс-әрекетін әртүрлі формада ұйымдастырды: фронтальды, топтық, жеке. Педагог «Сабаққа эмоционалды кіру», «Тақырып-сұрақ”», «Болжау» «Ассоциативті қатар»,” «Уақыт сызығы», «Сәттілік жағдайы», көрнекілікті барынша қолдана отырып баяндау, «Тұжырымдамалық кесте», «Рейтинг»,”Үш М” сияқты педагогикалық әдіс-тәсілдерді шебер қолданды.
Сабақтың ерекшелігі – студенттерді ынталандыру және табысқа жетуге жағдай жасау, әлеуметтік серіктестің сұранысы бойынша проблемалық сұрақ қою: «Кәсіпорынның максималды пайда табуының тиімді әдісін анықтау», сондай-ақ педагогтің “Пайда табудың ең тиімді нұсқасы – өндірістік процесті автоматтандыру арқылы жұмысшылар санын азайту” гипотезасын қоюы, зерттеу жүргізу, интерпретациялау және деректерді талдау.
Материалды дайындаған директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш.