27 қыркүйек күні 1Б-2 тобында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты бағытындағы «Сенің өмірің –өз қолында» атты сынып сағаты өтті.
- admin
- 18.10.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
Сынып сағатының мақсаты сүйіспеншілік мәдениетін, жыныстық тәрбие, отбасы мен неке қарым-қатынастарын тәрбиелеу. Жыныстық қатынас тазалығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Кураторлық сағатта студенттер осы тақырып бойынша жағдаяттық мәселелерді талқылап, өз ойларын ашық айта алды, сондай-ақ ерте жыныстық қатынас қандай зардаптарға әкелетінін және олардың денсаулығына қандай зиян тигізетінін білді.
Қорытындылай келе, оқушылар әр адам тұлға ретінде қалыптасып, өмірден өз орнын тауып, салауатты қарым-қатынас орнатып, алдына мақсат қойып, бақытты бола білуі керек деген қорытындыға келді..
Ақпаратты дайындаған: Б-2 тобының кураторы Бейсенова Х.Б.