- admin
- 01.03.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол- ана, дәл осы тақырыппен ТП-20 тобында ашық сынып сағаты өтті. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да –Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де- Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.
Мақсаты:
- 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
- Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
- Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Аналар, қызғалдақтай, қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақпаратты дайындаған: ТП-20 тобының жетекшісі Сагумбаев М.К.