«Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы.

16 ақпанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде онлайн режимінде «Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: девиантты мінез-құлықтың алдын алуда ата-аналар қауымының психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру; кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының себептерімен және алғышарттарымен таныстыру; аутодеструктивті мінез-құлық механизмдерін және «ерекше назар» топтарындағы кәмелетке толмағандармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс кезеңдерін ашу.

Кездесу аясында  директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, Дюсекеева Л.К., жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы айтты. Сабанова А.Ж. , колледж психологы ата-аналарды суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері мен белгілерімен және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерімен таныстырды.

Әбеуова О.Е. колледждің әлеуметтік педагогы, ӨБ инспекторы Разумова В.В., кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу сияқты мәселелер қамтылды, бала мен ата-ана қарым-қатынасы тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

Қорытынды бөлімде колледж психологы Абдикаримова А.С. ата-аналарға баланың жеке басына деген құрметті тәрбиелеу және оның мәселелерін түсінуге үйрету бойынша ұсыныстар берілді, сонымен қатар отбасылық тәрбие, суицидтік мінез-құлық пен кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу аспектілері бойынша парақшалар таратылды.

Ақпаратты дайындаған директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Дюсекеева Л.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries