- admin
- 10.12.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтіледі. 2003 жылдың осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылы 1 қарашада қабылдаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат қол қойған мемлекеттерді пара алуды, бюджет қаражатын жымқыруды және сыбайлас жемқорлықты заңдастыруды қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды міндеттейді.
2021 жылдың 8 желтоқсанында 1ПО-1 тобының студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық: қарсы тұру жолдары» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру мақсатында өткізілді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке баулу, адалдыққа, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен таныстырылды, сонымен қатар қосымша бейнематериал ұсынылды. Студенттер ұсынылған сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша пікір алмасты.
Шара барысында, әрқайсымыз заман талабын терең түсініп, «Тұтастық – ұлттың рухани өзегі, қоғам өмірінің нормасы формуланы ұстануымыз керектігі айтылды. Жастар – Қазақстан болашағының негізгі қозғаушы күші» демекші, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық сананы, адалдық пен инабаттылықты қалыптастыру сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты міндет болып табылады.
Елдің дамуы қоғамның әрбір мүшесінің: өскелең ұрпақтан бастап мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдайтын билік өкілдеріне дейін бірлескен күш-жігермен, үлеспен ғана мүмкін болады.
Мақаланы дайындаған: Ережепова А.К. – арнайы пәндер оқытушысы