- admin
- 26.06.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
2021 жылдың 25.06. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Есірткіні ТОҚТАТУ» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Іс-шара барысында колледждің медицина қызметкері А.Р. Мулдагалиева есірткінің денсаулыққа зиянды әсер ететінін, тіпті есірткіні бір рет қабылдау тәуелділікті тудыруы мүмкін екенін айтты.
Іс-шара соңында студенттерге есірткінің зияны туралы кітапшалар таратылды:
Егер саған есірткі ұсынылса, не істеу керек?
Әрине, бас тарту, бұл сенің спорттағы, оқудағы жетістіктеріңе немесе болашақ жоспарларыңды жүзеге асыруға кедергі келтіреді!
Студенттер өз сөздерінде табысты адам – дені сау адам екенін атап өтті.
Ақпаратты колледждің медицина қызметкері
А. Р. Мулдагалиева дайындады.